|
1999 жылы «Н.Назарбаев Білім Қоры» Қоғамдық Қорының бастамасымен Алматы қаласында Халықаралық «Мирас» мектебі ашылды.
Халықаралық «Мирас» мектебі - Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының философиясы мен оқыту қадамдарын ұлттық білім беру стандарттарының мазмұндық компоненттерімен кіріктіру арқылы жаңа педагогикалық технологиялар және оқыту әдістемесін енгізетін мектептің инновациялық үлгісі болып табылады.
Қазіргі кезде «Мирас» мектебі – 3 жастан 18 жасқа дейінгі студенттерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытатын үздіксіз білім беру кешені. Халықаралық «Мирас» мектебі құрылымы 3 сатыдан тұрады:
1 саты – бастауыш мектеп: балабақша (3-5 жас), мектепалды (5-6 жас), 1-5 сыныптар (6-11 жас): - оқу ағылшын /қазақ тілдерінде - оқу ағылшын/орыс тілдерінде 2 саты – негізгі мектеп 6-10 сыныптар (11-16 жас) оқу ағылшын және орыс тілдерінде, оқу қазақ тілінде жүргізілетін 6-сынып.
3 саты – жоғары мектеп: қазақстандық 11 сынып оқу орыс тілінде жүретін бағдарламалар,11-12 оқу ағылшын тілінде жүретін Халықаралық Бакалавриат Дипломдық Бағдарлама сыныптары (16-18 жас).
«Мирас» мектебі Халықаралық Бакалавриаттың барлық үш бағдарламасы бойынша авторизацияланған: - бастауыш мектеп бағдарламасы (IB PYP – Primary Years Programme); - орта мектеп бағдарламасы (IB MYP Middle Years Programme), ҚР БҒМ қазақстандық куәліктің эквиваленті ретінде мойындаған орта білімді алу туралы сертификатты беру; - Дипломдық Бағдарлама (IB DP – Diploma Programme), бұл бағдарламаны табысты аяқтау әлемдегі жетекші университеттерге түсу емтиханынсыз қабылдануға құқық береді.
«Мирас» мектебі - Халықаралық Бакалавриаттың барлық үш бағдарламасы бойынша авторизацияланған әлемдегі 112 мектептің бірі және Орта Азия аймағындағы Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасы (DP IB) бойынша авторизацияланған бірден бір білім беру мекемесі болып табылады.
«Мирас» мектебін беделді халықаралық білім беру ұйымдары мойындады және бұл мектеп келесі ұйымдармен аккредиттелген: - Халықаралық мектептер Кеңесі (CIS – Council of International Schools) маусым, 2005 ж.); - Жаңа Англия мектептері мен колледждері Қауымдастығы (NEASC – New England Association of Schools and Colleges) (маусым, 2005 ж.).
1999 жылдан бастап «Мирас» мектебі ҚР Білім және ғылым министрлігінің эксперименталдық алаңы болып табылады.
2002 ж. Мирас мектебі Кембридж Университетінің орта білім туралы халықаралық сертификатты алуға IGCSE емтихандарын қабылдаудың Халықаралық емтихан орталығы ретіндегі аккредитациясын алды.
«Мирас» мектебінің мүшелігі:
- ЮНЕСКО мектептері Қауымдастығының мүшесі (2001 ж.);
-ТМД елдері Халықаралық Бакалавриат мектептері Қауымдастығы (АШМБ) (2006 ж.)
Мектеп өмірі қызықты оқиғалар мен жақсы дәртүрлерге толы. Мектепте жеке тұлғаның адамгершілік сапасын дамытуға, белсенді өмірлік орнын қалыптастыруға бағытталған тәрбие беру тұжырымдамасы әзірленген. Студенттердің өзара мәдени түсіністігіне мектепте көптілді орта құру, тіл саясатын жүзеге асыру, Студенттер кеңесінің тиімді жұмыстарын ұйымдастыру, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, БҰҰ халықаралық ұйымдармен байланыс орнату арқылы қол жеткізіледі.
Халықаралық «Мирас» мектебі өзінің рухы, мазмұны және әлемнің 18 елі өкілдерінен құралған студенттер мен мұғалімдер құрамы жағынан интернационалды. Мектебіміздің ұраны - «Біздің бірлігіміз – біздің көп қырлы болуымызда». Бұл ұран мектептегі қазақстандық және халықаралық жүйе тәрбиесінің жетістіктерін, бай дәстүрлер мен мәдениет жемістерін бойларына сіңірген мектеп қауымдастығының халықаралық бірлігі ахуалын лайықты түрде жеткізеді.
Халықаралық «Мирас» мектебінде қазақстандық және шетел мамандарынан тұратын тәжірибелі ұстаздар командасы еңбек етуде, олар - өз пәндері бойынша теориялық білімді ғана меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар әрбір студенттің зияткерлік және шығармашылық тегеурінін дамыта алатын шебер мамандар.
Оқушылар арасында қалалық және республикалық олимпиада жүлдегерлері, Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен байқаулардың жеңімпаздары бар.
Мектептің 64 түлегі Халықаралық Бакалавриат Дипломдық бағдарламасын аяқтағаны туралы дипломды иеленген. Қазақстандық бағдарламаның 10 түлегі Алтын Белгімен марапатталған. 13 студент Қазақстан Республикасының үздік орта білім алғаны туралы Аттестатты иемденген. 92 оқушы MYP Сертификаттарын алған.
Мектептің заманауи ғимараттары қаланың экологиялық таза ауданында қоныс тепкен. Мектеп сыныптары заманауи техникалық оқу құралдарымен жабдықталған, физика, биология, химия пәндерінің лабораториялары, Интернетке қол жеткізетін компьютерлік кабинеттер, хореография, драма, музыка және бейнелеу өнері сабақтарына арналған сыныптар бар. Мектепте қоршаған орта экологиясы мен оны сақтау шараларын ұйымдастыруға арналған табиғат бұрышы жұмыс істейді. Мектептің жаттықтырғыштар және шыңға өрмелеу кешенімен жабдықталған спортзалдары бар, мектеп аумағында заманауи жасанды төсеніш төселген футбол алаңы, ашық теннис корты мен 25 метрлік жүзу хауызы (бассейні) орналасқан.
|
Мектеп директоры Власянц Ирина Рамильевна E-mail: mirashead@almaty.miras.kz
Бағдарламаларды дамыту бойынша мектеп директорының орынбасары Мүнкеева Гүлмира Бахытбековна E-mail: g_munkeeva@almaty.miras.kz
Бастауыш мектеп директоры Триш Скотт E-mail: t_scott@almaty.miras.kz
Бастауыш мектеп директорының орынбасары Нуртаева Жанна Нурбаевна E-mail: z_nurtaeva@almaty.miras.kz
Орта мектеп директоры Нил Крик E-mail: n_creek@almaty.miras.kz
Орта мектеп директорының орынбасары Владимирова Елена Георгиевна E-mail: e_vladimirova@almaty.miras.kz
Директордың қазақ сыныптары бағдарламаларын дамыту бойынша орынбасары Кеншінбаева Жәмила Мәжітқызы E-mail: z_kenchenbaeva@almaty.miras.kz
Тәрбие жұмыстары бойынша мектеп директорының орынбасары
Курбанова Алла Владимировна E-mail: a_kurbanova@almaty.miras.kz
Мектеп штаты: 86 мұғалім, оның ішінде 25 мұғалім- шетелдіктер
Оқыту бағдарламасы: бастауыш мектеп - PYP және ҚР МБС (ГОСО)
негізгі мектеп - MYP және ҚР МБС (ГОСО)
жоғары мектеп - ҚР МБС – орыс тілінде оқитын 11 сынып
- IB DP – ағылшын тілінде оқитын 11-12 сыныптар
Емтихандар: IB DP, MYP модерация, 9-сынып және 11-сыныптардағы мемлекеттік емтихан.
Жас мөлшері: 3 – 18
Оқушылар саны: 594
Балабақша: 84
Мектепалды: 47
1-5 сыныптар: 254
Орта мектеп: 209
Ұлттар: 18 елдің өкілдері
IBO-дағы мектеп коды: 1384
CIS-тегі мектеп коды: MALMAT
|