| | english | |
|
|
Құрметті ата-аналар, студенттер, әріптестер! Сіздерді мектептің веб-сайты арқылы қарсы алуға қуаныштымыз. Біздің мектебіміз білім беру қызметі нарығында жұмыс істегелі он жыл өтті. Мирас – Қазақстандағы Халықаралық Бакалавриаттың үш бағдарламасы бойынша авторизация рәсімінен (оқытуға құқылы) және халықаралық аккредиттелген (халықаралық мектептердің Кеңесі (CIS) және Жаңа Англия, АҚШ колледждері (NEASC) арқылы) бірден бір оқу орны болып табылады. Мектептің осындай статусы мектеп түлектеріне шетелдік жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу кезінде артықшыларға ие болуға, ал IB Дипломдық Бағдарлама түлектеріне әлемнің ең танымал университеттеріне түсу емтиханынсыз қабылдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Мирастың » түлектері мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжатты алуға да қол жеткізеді. Мирас – тек қана білім беру ұйымы ғана емес, сондай-ақ ол - студенттер, мұғалімдер, ата-аналардың қауымдастығы, зор татулығы жарасқан бір отбасы, ал осылардың заңды негізінде, түп-тамырында интернационалдық сезім, өз елі мен басқа елдердің мәдениеті мен дәстүріне деген құрмет, тиімді түрде ынтымақтастықпен жұмыс істеу жатқаны сөзсіз. Біздің мектепте білім беру философиясы оқытуға зерттеушілік қадаммен келуге, заттардың табиғатын концептуалды, холистикалық түсінуге, сапалы түрде өзара әрекеттесуге негізделген. Оқушыларға сабақтар үш тілде жүргізіледі, олар: қазақ, ағылшын және орыс тілдері; сондай-ақ мұнда француз, қытай және т.б. тілдердің дамуы да қолдауға ие. Мектепте ақпараттық технология жүйесі модерленуде, оқу қоры (база) жетілдірілу үстінде. Биылғы жылы бір студентіміз CIS марапатына ие болды, ал екі студентіміз Республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары атанып, «Үркер» құрмет белгісін иемденді. Барлықтарыңызға оқу жылын табысты аяқтап, емтихандарда жақсы нәтижелер көрсетулеріңізге тілектестігімді білдіремін! Келесі оқу жылында «Мираста» жүздескенше!
Құрметпен, Ирина Рамильевна Власянц, Халықаралық «Мирас» мектебінің директоры
|
|