| | english | |
|
|
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «МИРАС» МЕКТЕБІ, АЛМАТЫ
Алматы қаласындағы Халықаралық «Мирас» мектебі Халықаралық Бакалавриат стандарттарын Қазақстандағы білім беру Жүйесіндегі оқытудың ең үздік элементтерімен үйлестіру арқылы және ұсынған үш тілдің бірін таңдауға құқық бере отырып, жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз етеді. Мектептің негізгі мақсаты – студенттерге дұрыс та толыққанды өмір салтын жүргізуге көмектесу, оларды басқа халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін бағалауға және құрметтеуге, сондай-ақ әлемдік қауымдастық тағдырына қатысты өз борышы мен жауапкершілігін сезінуге баулу. МЕКТЕП ФИЛОСОФИЯСЫ
Біздің бағдарламаларымыз бен іс-тәжірибеміз келесі тұжырымдарға негізделген:
Студентті дамыту Біртұтас білім беру студенттердің әлеуметтік, парасаттылық, физикалық және эстетикалық жағын дамытады және өз кезегінде үлкен өмірге, құбылмалы әлем жағдайындағы өмірге дайындалуға көмектеседі. Мираста студенттер келесі дағдылар мен қабілеттерді дамытады: қамқорлық, бұлжымастық, қоғамға үлес қосу, өзін қоршаған адамдарға, басқа қоғамдарға және тұтас алып қарағандағы әлемге құрмет көрсету.
Мектеп қауымдастығы мәдени ерекшеліктер мен адам құқығын жоғары қояды. Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша барлық студенттер біртұтас халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі болып табылады, мұнда алуан түрлі мәдениетті түсіне білу, оларға құрмет білдіру, сондай-ақ төзіммен қарау қарым-қатынасын дамыту ісі жатыр. Біз Қазақ тілінің маңызын, оның мәдениетін, сондай-ақ оның әрі қарай дамуына деген ұмтылысты түсінеміз.
Сапалы білім беру әрбір студентке жекелей білім беруге, алынған білім мен іс-тәжірибенің маңыздылығына қарай бағытталады. Студенттің алған білімі мен тәжірибесі өзінің әлеуетін толық деңгейде дамытуға әрі қарай ынталандыратын болады.
Ең жақсы мектеп жоспарлары студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып, олардың талаптарына жауап беретін көптеген құрылымдық әдістерді өзіне қамтиды. Біздің оқуға жасалған қадамдарымыз бәрін білгісі келу, шығармашылық мүмкіндіктер, күрделі және арандатушы шытырман мәселелерді шешуге бағытталған парасаттылық дағдыларды, сынау және өз бетінше ойлану қабілетін дамытады. Жоғары білікті және оптимистік көңіл-күйдегі ұжым
Халықаралық «Мирас» мектебінің барлық мұғалімдері жоғары білікті, олар студенттерге өз әлеуетінің толық ашылуына көмектеседі, олардың таланттарын мектепте, біртұтас қауымдастықта дамытуға ықпал етеді. "Мирас" мектебінің пердагогикалық ұжымы өзінің кәсіби дамыту жағынан үзбей жұмыс істеп келеді.
Халықаралық "Мирас" мектебі факультеттерді, мектеп қызметкерлерін, отбасылар мен студенттерді өзіне қамтитын, өз кезегінде жауапкершілігі мол азаматтың машықтары мен алар орнын дамытатын күшті және ынтымақты қауымдастық болып табылады. Біз ата-аналар мен қауымдастықтың атсалысуы мен ынтымақтастығын белсенді түрде үзбей іздестіріп отырамыз.
Мұғалімдер, әкімшілік, студенттер мен ата-аналар бірлесіп жұмыс істей отырып, студенттердің білім алу мақсаттарына ортақ күштерін бағыттайды.
Студенттерге қауіпсіз және ынтасын оятатын оқыту ортасын ұсынады, мұнда олар академиялық бағдарлама, атлетика және бейнелеу өнері сияқты оқу бағдарламаларының алуан түрімен танысады.
|
|