| | english | |
|
|
Мектеп туралы ақпарат «Нұрсұлтан Назарбаев Білім беру Қоры» ҚҚ
«Нұрсұлтан Назарбаев Білім беру Қоры» ҚҚ 1998 жылы құрылған. «Білім беру Қоры» ең алғашқы жұмыс істей бастаған күндерінен бастап Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес дамытуға ықпал етуді өз мүддесіне алды. Қордың міндеті озық үлгідегі ұлттық және халықаралық тәжірибені қолдану, халықаралық оқу бағдарламасы мен еліміздің білім беру саласындағы нормаларды қолдану болып табылады. Білім беру Қоры қамқорлығы бойынша алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін үш халықаралық мектеп құрылды, олар: Астана және Алматы қалаларындағы Халықаралық «Мирас» мектептері, сондай-ақ Алматы қаласындағы Халықаралық Мектеп. Халықаралық «Мирас» мектебі – оқушылары мен мұғалімдері өздерінің рухы, құрамы мен мазмұны жағынан интернационалды болып келеді. Мектептің концептуалды және әдістемелік білім беру жүйесінде айтулы өзгерістер жасалды: оқыту міндеттері қайта қарастырылды, оқыту мазмұны өзгертілді, оқытудың алдыңғы қатарлы технологиялары мен әдістері қолданылды, студент жұмысын бағалаудың ұстанымбелгілері бар жүйесі берілді. Мектептің жаңа білім беру жүйесі өзгерістерге бейімделе алатын, танып–білуге ұмтылатын, сыни тұрғыда пайымдай алатын, өз халқы және әлем халықтарының мәдениетін бағалап, құрметтей алатын студенттердің белсенді де батыл жаңа жеткіншектерін дайындайды. Қоғамдық Қор қарамағындағы Мектептер айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді:
Білім және Ғылым Министрлігі Қоғамдық Қор қарамағындағы Мектептерді алдыңғы қатарлы оқу мекемелері деп таниды. Мектепте ұдайы өткізіліп тұратын семинарлар мен конференциялар мұғалімдер арасында үлкен сұранысқа ие. Мектептің іс-тәжірибесі Қазақстандағы болашақта әрекет ететін 12 жылдық мектептердің бағдарлама құжаттары мен басқа да материалдарын дамыту үшін қолданылады. |
|