Оқыту бағдарламасы

Бастауыш мектеп

Бастауыш мектеп Қазақстан Республикасы Білім беру стандарттарының озық аспектілері мен Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларының ұстанымдары мен қадамдары қамтылған кіріктірілген оқыту бағдарламасын ұсынады. Бастауыш мектеп Халықаралық «Мирас» мектебі кампусының үш ғимаратына орналастырылған. 3-4 жастағы балаларға арналған балабақша қауіпсіз ойын алаңы бар арнайы жабдықталған ғимаратта қоныс тепкен. 5 жастағы балаларға арналған мектепалды жеке ғимаратта жұмыс істейді. 1-5 сынып студенттері мектептің бас ғимаратына тікелей өтетін Бастауыш мектептің ғимаратында оқып, білім алады.

Халықаралық «Мирас» мектебі Қазақстандағы Халықаралық Бакалавриаттың үш бағдарламасы бойынша білім беретін бірден бір мектеп болып табылады.

Бастауыш мектепте сабақ жүргізілетін тілдер: қазақ, ағылшын, орыс тілдері

Бастауыш мектепте сабақтардың 50%-ын ағылшын тілінде жүргізуге тырысамыз.

Сабақтарды ұйымдастыру

Балабақша

Балабақшада балалар бес топ бойынша жұмыс істейді. 3-жасар балалардың ата-аналары топтағы оқу тілін, яғни қазақ және орыс тілін таңдап алуға құқылы. 4 жастағы студенттер топтағы қазақ және орыс тіліндегі оқудан басқа, сабақтары негізінен ағылшын тілінде өтетін халықаралық топқа қосыла алады.     

Мектепалдыдан (5 жастағы балалар) 5 сыныпқа дейінгі студенттер

Мектепалдыдан (5 жастағы балалар) 5 сыныпқа дейінгі әр параллельде 3 топ жұмыс істейді. Алғашқы топта сабақ негізінен орыс тілінде жүргізіледі, мұнда ағылшын және қазақ тілдері қосымша тіл ретінде жүреді; келесі топта қазақ тілі - негізгі, ағылшын мен орыс тілі - қосымша тілдер; үшінші топ - ағылшын тілдерінде оқиды, мұнда орыс және қазақ тілдері екінші тіл болып табылады.

Бастауыш мектепке арналған Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы (IB PYP)

Бастауыш мектепте Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларының ұстанымдары мен қадамдары және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Білім беру стандарттары бойынша оқытудың озық аспектілері қамтылған кіріктірілген оқыту бағдарламасы ұсынылады.

Халықаралық Бакалавриаттың Бастауыш мектепке арналған Бағдарламасы (IB PYP) - Халықаралық Бакалавриат ұсынатын үш бағдарламаның бірі болып табылады. Бағдарлама 3 жастан 12 жасқа дейінгі оқушыларға арналған. Бұл бағдарламада баланың жан-жақты дамуына, әлеуметтік, физиологиялық, психологиялық, мәдени және академиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға аса маңызды мән беріледі.   

Бағдарламаның тікелей атрибутына ұлттық және халықаралық тәжірибенің озық үлгілерін қолдану, балаларға сапалы білім беру жүйесін жасау мақсатымен еліміздегі білім беру саласына халықаралық оқу бағдарламалары мен нормаларын енгізу және оны тарату жатады.


Қазіргі кезде әлем бойынша 62 елде
Халықаралық Бакалавриаттың Бастауыш мектепке арналған Бағдарламасы (IB PYP) бойынша авторизацияланған 300-ден аса мектеп жұмыс істейді. Студенттерге арналған бағдарлама академиялық материалды мұқият оқып үйренуді, жоғары стандарттар мен жоспарланған нәтижелерді орнықтыруды қарастырады.

Сіздер Халықаралық Бакалавриаттың www.ibo.org сайтынан “IB PYP” бағдарламасы туралы барынша нақты ақпаратты таба аласыздар.

Орта мектеп

Орта мектепте Білім берудің Ұлттық стандарттарының мазмұнды компоненттерін Халықаралық Бакалавриат бағдарламалары оқу философиясы мен оқыту қадамдарына қойылатын талаптарымен кіріктіру арқылы жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелер енгізіледі.

Дипломдық бағдарлама

Халықаралық «Мирас» мектебі Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасы бойынша авторизацияланған бірден бір мектеп болып табылады. Мектеп Халықаралық Бакалавриаттың авторизациясын 2002 жылы алды және 2008 жылы реавторизация процедурасынан табысты түрде өтті. Мектебімізде түлектерге диплом тапсыру салтанаты сегіз мәрте мерекеленді. Біздің түлектеріміз жинақтаған жоғары суммарлы ұпай – 39 ұпай болып отыр (бұл ең әлемдегі озық университетке түсуге рұқсат беретін мүмкіндік). Бұл көрсеткішке екі мәрте қол жеткізді. Студенттерге география, тарих, бейнелеу өнері, әлемдік қауымдастықтағы ақпараттық технологиялар, бизнес және менеджмент, экономика, биология, химия, физика, математика (3 деңгей), және тіл пәндерін (ағылшын, орыс, француз, қытай тілдері) қамтитын 6 пән тобынан 6 пәнді таңдау мүмкіндігі беріледі. Таңдап алынған үш пән бойынша сабақтар жоғары деңгейде (б.а. 240 оқу сағаты), басқа 3 пән бойынша стандартты деңгейде (б.а. 150 оқу сағаты) өткізіледі. Осы бағдарлама бойынша студенттерге орындауға міндеттілер мыналар: Кеңейтілген эссені жазу, «Таным теориясы» курсын оқу және қоғамдық қызметтерге қатысу. «Мирас» мектебінде бұл бағдарлама бойынша оқу ағылшын тілінде жүргізіледі.

Халықаралық «Мирас» мектебі өзінің рухы және оқушылары мен мұғалімдерінің құрамы жағынан интернационалды (15 мұғалім әртүрлі 9 елдің өкілі және 23 студент – 8 елдің өкілі) болып келеді. Көптеген мұғалімдер Халықаралық Бакалавриат Ұйымының емтихан қабылдаушылары болып табылады. Бағдарлама бойынша оқыту әдістемесі үнемі жетілдірілу үстінде; Соңғы емтихан кезінде 100% нәтиже көрсетілді. Біздің түлектер АҚШ, Ұлы Британия, Канада, Франция, Сингапур, Швейцария және Түркия елдерінде, оның ішінде Гарвард университеті және Британдық Колумбия университеті (Канада провинциясында) сияқты танымал университеттерде оқып, білім алуын жалғастыруда.  

Белгілі бір себептермен Дипломдық бағдарлама (DP) бойынша оқи алмайтын студенттерге Сертификаттық Бағдарлама әзірленген.

Орта мектепке арналған Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы (MYP)

MYP бағдарламасы 11-16 жастағы (6-10 сыныптар) оқушыларға арналған. Бұл халықаралық бағдарлама заманауи қоғам талаптарына сәйкес оқушылардың білім алуына, білік және дағдыларды меңгеруіне бағытталған.

IB MYP негізгі ұстанымдарының біріне – бағдарламаның икемді болуы, оқу процесіне жасалатын ортақ қадамдарды қолдану талаптарын сақтаған кездегі академиялық толықтыруларды таңдаудағы үлкен еркіндік жатады. Оның негізінде біртұтас оқыту, қарым-қатынас жасау және мәдениетаралық Өзара әрекет сияқты үш іргелі тұжырымдар жатады.  

Алға қойылған мақсаттарға жетудің негізгі құралдарына Өзара Әрекет ету Салалары жатады (қоршаған орта, денсаулық және әлеуметтік білім, оқуға жасалатын қадамдар, қызмет ету және қоғам, шығармашыл адам). Өзара Әрекет ету Салалары академиялық курстардың барлығын бойлап өтеді және оқушының сабақтан тыс әрекетін өзіне қамтиды.

Сабақтарда Өзара Әрекет ету Салалары бойынша барлық негізгі оқу дағдыларын қамтитын Жобалау әрекеті шешуші орынды иемденеді. Орта мектепке арналған Халықаралық Бакалавриат бағдарламасын 9/10 сынып оқушыларының Жеке жобаны орындауы арқылы аяқтауы бекер емес. Жеке жоба қайсыбір пән бойынша орындалған Дипломдық жұмыс емес. Бағалау кезінде бірінші кезекте Жобаны әзірлеу және оны орындау кезінде оқушының пайдаланған дағдыларды меңгеруіне басты көңіл бөлінеді. Екінші кезекте өндірілген өнім сапасына көңіл бөлінеді. 

Негізгі мектеп бағдарламасы бітіру емтиханын, халықаралық білім нормасына сәйкес келетін академиялық білімнің нақты деңгейіне кепілдік беретін дипломды алуды қарастырмайды. IBMYP бағдарламасын аяқтау студенттерге IBMYP сертификатын алуға құқық береді, немесе сыртқы модерация арқылы Халықаралық Бакалавриат бекітетін MYP бағдарламасы бойынша оқу курсын өткендігін растайтын, әлемдегі ресми түрде мойындалған құжат – Жетістіктер Есебіне алынады . Жетістіктер Есебі студент нақты баға алған барлық модерациялық пәндер бойынша жұмысының нәтижесі болып табылады. Сертификат барлық орнықтырылған талаптарды орындаған студенттерге ғана беріледі.

MYP бағдарламасы бойынша оқу үш тілде жүреді: ағылшын тілінде (6-10 сыныптар), орыс тілінде (6-10 сыныптар) және қазақ тілінде (2011 жылы 6-8 сыныптар). Орыс бөлімінің студенттері тоғызыншы сыныптың соңында мемлекеттік емтихан тапсыра алады.

Орыс бөлімінің студенттері он бірінші сыныптың соңында ҰБТ немесе мемлекеттік емтихан тапсыруға құқылы.