Білім беру процесі

Қор мектептерінің білім беру процесі Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары мен

Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларын кіріктіру негізінде құрылған.

Баланың мүддесін, қажеттілігін және қабілетін ескере отырып, саралана берілетін білім, оқу

процесіндегі алуан түрлі оқыту стратегиялары мен технологиялары оқушының шығармашылдық

тегеурінін ашуға, олардың дербес өсуіне жағдай жасайды, ешкімге тәуелсіз және өзіндік ойлау

қабілетін дамытады.

Қор мектептеріне кіріктірілген оқу бағдарламаларын меңгере алатын, лайықты оқушылар

қабылданады. Студенттерді қабылдау және студент қатарына алу мектепке қабылдау Саясатына

сәйкес жүзеге асырылады.

Оқуға қабылдау төмендегілердің негізінде жүзеге асырылады:

Сәйкес сыныпта бос орынның болуы (сыныптағы балалардың саны 20 адамнан артпауы тиіс);

Түсу тестілерінің нәтижелері;

Студентпен жүргізілетін сұхбат;

Психологпен әңгімелесу (тек балабақша, мектепалды және 1-сынып оқушылары үшін).

Мектепке түсу үшін қажетті құжаттар:

1. Ата-анасы/қамқоршысы қол қойған мектепке қабылдау туралы өтініш

2. Туу туралы куәлік немесе төлқұжат (көшірмесі)

3. Баланың фотосуреті (3X4) -2 дана

4. Медициналық карта (түпнұсқа) және егу парағы

5. Алдыңғы жылдардағы үлгерімі туралы құжаттар

6. Негізгі мектепті бітіруі туралы куәлік (10-11 сыныпқа түсетін студенттер үшін)

7. Кету талоны

Мектепке қабылдау ережесі:

Мектепке студент қабылдау шарасы әр оқу жылының 20-тамызынан 15-маусымына дейінгі

аралықта жүзеге асырылады.

Ереже бойынша, жаңадан келген оқушылардың көпшілігі 1-тоқсан басталысымен сабақтарға

кіріседі. Оқу жылы барысында бос орын болған жағдайда сәйкес сыныптарға оқушы қабылдана

алады.

Оқушыларды қабылдайтын офис қызметкерлері, бастауыш/орта мектеп директорларының орын-

басарлары студенттерді қабылдау жұмыстарын жүргізеді.

Оқушыны қабылдау туралы соңғы шешімді Мектепке қабылдау Саясатына сәйкес мектеп дирек-

торы қабылдайды.

 

Бастауыш мектепке қабылдау (балабақша, мектепалды, 1 – 5 сыныптар)

Оқуға қабылдау баланың жасын ескере отырып, түсу тестілеуі нәтижелері негізінде

жүзеге асырылады.

Балабақша және мектепалды

Балабақша немесе мектепалдыға қабылдау үшін психолог, логопед және үйлестіруші

баламен әңгімелеседі.

Мектепалдыға түсу кезінде баламен математика және қазақ/орыс/ағылшын тілдері бой-

ынша (оқыту тіліне сәйкес) әңгімелесу жүргізіледі.

Балабақша немесе мектепалдыға қабылдау туралы соңғы шешімді мектеп директоры

қабылдайды.

3,5-4 жасар балаларға арналған толық емес күнге келетін топ жұмыс істейді (оқыту

ағылшын тілінде жргізіледі).

1-5 сыныптар

Түсу тестілеуі

Математика («Мирас»мектебіндегі оқу жүргізілетін тілдердің бірінде: қазақ, орыс

және ағылшын тілдерінде);

Қазақ, ағылшын және орыс тілі (оқу жүргізілетін тілге сәйкес);

Ағылшын тілі (ағылшын тілі ана тілі емес шетелдік студенттер үшін);

Психолог және логопедпен әңгімелесу (1-2 сынып үшін).

Мектепке қабылдану үшін білімін 60%-дан төмен түспейтін деңгейде көрсету қажет.

Орта мектепке (6-10 сыныптар) және Қазақстан бағдарламасы бойынша 11

сыныпқа қабылдау

Түсу тестілеуі

Ағылшын тілі және математика (ағылшын тілді оқу бағдарламасы үшін);

Орыс, ағылшын тілі және математика (орыс тілді оқу бағдарламасы үшін);

Қазақ, ағылшын тілдері және математика (қазақ тілді оқу бағдарламасы үшін).

Мектепке түсу үшін әр пән бойынша кем дегенде 60%-дан төмен түспейтін білім

деңгейін көрсету қажет.

50-59 % жинақтаған студенттер мектеп директорымен табысты сұхбаттан соң сынақ

мерзімімен оқуға қабылдануы мүмкін (Мектепке қабылдау Саясатын қараңыз).

Дипломдық бағдарламаға (11-12 сыныптар) қабылдау

Дипломдық бағдарламаға түсу үшін студенттер қажетті құжаттарды әкелуі және барлық емтихандарды

жақсы тапсыруы тиіс (Мектепке қабылдау Саясатын қараңыз).

Дипломдық бағдарламаға (Астана немесе Алматы қ. «Мирас» мектептері) түскісі келетін студенттер

мына тәртіпті басшылыққа алуы тиіс:

1.Құжаттарды көрсетуі

Басқа мектептерден келген студенттерге:

Бұрынғы оқыған мектебінің директорынан кепілдеме хат, оқушының негізгі мектепті және 10-сы-

ныпты жақсы аяқтағанын растаушы есепті әкелуі тиіс;

Мектепте оқуға арналған қажетті ақпараттық үлгілерді толтыруы тиіс.

«Мирас» мектептерінде оқитын студенттер өздерінің ары қарай оқуын Дипломдық бағдарлама бойын-

ша жоспарлайтындығын орта мектеп директорының орынбасарына жеткізуі тиіс.

2.Түсу емтихандарын тапсыру

Барлық үміткерлер келесі пәндер бойынша міндетті тестілеуден өтуі тиіс:

Ана тілі (Ағылшын, орыс тілі)

1-бөлім:әдеби шығармаларды талдау

2-бөлім: эссе

Ағылшын тілі екінші тіл ретінде (ESL)

1-бөлім: мәтінді оқу және түсіну

2-бөлім: эссе

Математика

Дипломдық бағдарламадағы емтихан қабылдау уақыты мен орны

Астана немесе Алматы қ. «Мирас» мектептеріндегі түсу тестілеуі сәуірдің немесе тамыздың екінші

жартысында жүргізіледі. Сәуір айында емтихандарды сәтті тапсыра алмаған студенттер тамыз айында

қайталап тапсыра алды.

Дипломдық бағдарламаның әлеуетті студенттеріне ыңғайлы болуы үшін түсу емтихандарын

ұйымдастырудың барлық ережелері сақталған жағдайда үміткерлер оқитын мектеп қабырғасында

түсу емтихандары жүргізіле алады. Емтихан жұмыстарының сканерленген нәтижелері Дипломдық

бағдарлама үйлестірушісінің электрондық поштасына жіберіледі, жұмыстың түпнұсқасы «Мирас»

мектебіне пошта арқылы жеткізіледі.

3.Сұхбат

Егер емтихан нәтижелері күмән туғызатын болса, орта мектеп директорымен және Дипломдық

бағдарлама үйлестірушісімен қосымша сұхбат тағайындалуы мүмкін.